ЕР КІСІНІҢ ГИНЕКОЛОГ БОЛЫП ЖҰМЫС ЖАСАУЫ ХАРАМ БА?

Медицина мамандығын үйрену парыз кифая. Яғни бір адам оны орындаса басқасының мойнынан жауапкершілік түседі. Бұл мамандықты ер де, әйел де таңдай алады. Алайда, әр медицина саласының өзіндік діни тұрғыдан шариғи әдептері де болады. Имам Әбу Сулайман әл-Хаттаби: «(Шариғатымызда) ер кісілерге қаратып айтылған үкімдер әйелдерді де қамтиды. Тек оларға жеке-жеке дәлелдер келген орындардың жөні басқа»[1] дейді. Гинекологтардың жұмысына кісі әуреті де кіретін болғандықтан, әуретке көз салу жайлы шариғи көзқарастарға тоқталып өтсек. Алла Тағала Құранда былай дейді: قُلْ لِلْمُؤْمِنِينَ يَغُضُّوا مِنْ أَبْصَارِهِمْ وَيَحْفَظُوا فُرُوجَهُمْ. «(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын»[2] وَقُلْ لِلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنَّ وَيَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنَّ. «Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын»[3] деп бұйырған. Демек шариғатымызда бөгде кісінің әуретіне қарау – харам болып табылады. Алайда, өте зәрулік жағдайда дәрігерге науқастың ауырған жеріне қарауға рұқсат етіледі[4]. Өйткені Алла Тағала қатты ашыққан кезде харам болған өлексе, шошқа етін жеуге басқа еш жолы болмай, өзіне қатты зиян тиетіндей жағдайда зәрулік үшін  рұқсат берген. Бұл «Зәрурат кезінде тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі», «зәрулік белгілі мөлшерімен ғана мөлшерленеді»[5], «қажеттілік жалпылай да жалқылай да зәруліктің орнына жүреді»[6] деген фиқһи қағидаларға негізделген. Алла Тағала Құранда: وَمَا جَعَلَ عَلَيْكُمْ فِي الدِّينِ مِنْ حَرَجٍ «Сендерге дінде қиындық қылған емес»[7] — деген. «Әл-Ихтияр» атты кітапта: «Ер дәрігер емдеу әдісін әйел кісілерге үйретуі тиіс. Себебі ер кісінің әйелге қарағанынан әйелдің әйелге қарағаны жеңілдеу әрі бүліктен аулақ болады. Ал оған мүмкіндік болмаса, онда шамасы келгенше көзін тыяды. Екі қабат әйелді босандырып жатқан акушер әйел де барынша көзін тыюға әрекет етеді»[8] – деп келген. Хатиб әш-Ширбайни: «Емдік мақсатында науқасқа қарау – қан алу, хижама және ем жасау ісі секілді. Тіпті жыныс мүшесі болса да рұқсат (емдеуге қажетті жеріне дейін қарауға болады). Өйткені мұндай жағдайды харам дейтін болсақ, онда қиындыққа тап болады. Сол үшін ер кісі әйелді, әйел ер кісіні емдеп жатқанда жанында махрамы, күйеуі немесе сенімді бір әйел болуы талап етіледі»[9] – деген. Осыған орай, гинекология мамандығын әйелдер таңдау керек. Өйткені әйелдің әйелді емдегені барлық тараптан дұрыс. Ал оған мүмкіндік болмаса, науқасты қарау барысында шариғи әдептерді сақтай алатын сенімді ер кісінің гинекология мамандығын таңдауында оқасы жоқ. Ол жұмысты кәсіп етіп, қызметін жалғастыруға болады. Бірақ әйелдерді емдеу сәтінде жоғарыда атап өткен шарттарды орындауы тиіс.    http://fatua.kz/kz/post/view?id=932

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля