Астанада мешіттердің бірінен аяқ киім ұрлаған азамат бейнекамераға түсіп қалған
Астанада мешіттердің бірінен аяқ киім ұрлаған азамат бейнекамераға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қала тұрғыны Қабанбай батыр көшесіндегі мешітте кроссовкаларды ұрлау дерегі бойынша полицияға жүгінді. Ер адам аяқ киімді ұяшықта қалдырғанын және қайтып келгенде оларды таппағанын хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданының полицейлері ұрлыққа қатысы бар 18 жастағы қала тұрғынын анықтады. Күдіктінің әрекеті мешітте орнатылған бейнебақылау камераларының объективіне түскен. Бұл бейнеде жас жігіттің сөрелерге барып, қажетті аяқ киімді іздегені көрінеді. Содан кейін ол жұптардың бірін таңдап, аяғындағы кроссовкалардың қалай көрінетінін асықпай қарап алып, оларды іліп кеткен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның Астана аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, “102” арнасына полицияға хабарласыңыз. Не арқылы: https://polisia.kz/
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Астанада мешіттердің бірінен аяқ киім ұрлаған азамат бейнекамераға түсіп қалған | Қазақстандағы Ислам