ИЫҰ Құран өртеген елдерге наразылығын білдірді

Ислам ынтымақтастығы ұйымы Швеция астанасы Стокгольм қаласында Құрбан айттың бірінші күні орын алған Құран өртеу оқиғасына байланысты отырыс өткізді. Айта кетсек, Құранды Ирактан келген босқын, 37 жастағы Сальван Момика өртеген болатын. Ол ислам мемлекетінен шыққанына қарамастан өзін мұсылман ретінде санамайды және нағыз исламофоб ретінде көрсетіп жүр. Отырыс барысында ұйымның бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха барлық мұсылман мемлекеттерін күш біріктіріп, келешекте мұндай оқиғаларының қайталанбауы үшін шара қабылдауға шақырды. ИЫҰ-дағы саудия өкілі Салех әл-Сухайбанидің айтуынша, бұл сөз бостандығы деген сылтаумен Швецияда жасалып отырған төртінші оқиға. Жиында Түркия, Пәкістан, Камерун және Гамбияның өкілдері де наразылықтарын білдірді. Тегтер: Ислам Ынтымақтастығы ҰйымыисламофобияҚұран өртеуСтокгольмШвеция

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ИЫҰ Құран өртеген елдерге наразылығын білдірді | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля