Елімізде “Әкелер күні” мен “Аналар күні” тойланады

Еліміздегі мерекелік күндердің тізбесі жаңа атаулы күндермен толықты. Кеше Үкімет басшысы Ә. Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Әлемнің көптеген елдерінде «Аналар күні» мерекесі мамыр айының екінші жексенбісінде, «Әкелер күні» мерекесі маусымның үшінші жексенбісінде ауқымды түрде атап өтіледі. Отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайтуға бағытталған бұл күндер елімізде де ресми мереке ретінде белгіленіп отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі отбасын нығайтатын факторлардың бірі – әулет мүшелерінің бірге уақыт өткізуі, ортақ қуанышты бірге атап өтуі екенін атап өтті. «Халқымыздың «Отан – отбасынан басталады» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Берекелі әрі бақытты отбасы – қуатты елдің тірегі», – дегені белгілі. Министрлікке қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Қазақстандық отбасылар» атты ұлттық баяндамасында көрсетілгендей, еліміздегі отбасылық дәстүрлердің діңгегі – әулет мүшелерінің туған күнін атап өту екен. Бұл сауалнамаға қатысқан 86%-дан астам респонденттің ой-пікірі. Сондай-ақ отбасылардың жартысынан көбі жаңа жыл, 8 наурыз, 22 наурыз және тағы басқа мемлекеттік мерекелерді атаған» дейді министр. Дархан Қыдырәлі атап өткендей, әзиз әкелер мен ардақты аналарға арналған бұл атаулы мерекелер ұлттық болмысымызға сай жаңа мазмұнда тойланып, жалпыхалықтық сипат алмақ. «Оның отбасы институтын нығайтуға, аналарымыз бен әкелеріміздің мәртебесін көтеруге, отбасылық құндылықтарды дамытуға, әулеттегі жақындықтың, құрмет-ықыластың берік орнауына және отбасындағы береке-бірліктің артуына ықпал етеді деп сенеміз» деді ол. Тегтер: аналар күніатаулы күнәкелер күніжаңа мереке

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Елімізде “Әкелер күні” мен “Аналар күні” тойланады | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля