Жаңалықтар

АТТ мүшелері мұнайшылармен кездесті

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Исатай ауданы С.Балғымбаев кен орны және Жаңаталап кен орнының мұнайшыларымен дөңгелек үстел өтті. 


Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық – талдау орталығының мамандары Е.Насимуллин, Ж.Орынғалиева, АТТ мүшесі Б.Құлғалиева, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Н.Хаван қатысты. 


Шара барысында Орталық маманы Е.Насимуллин ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 453, 490 баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде түсінік беріп өтті. 


АТТ мүшесі Б.Құлғалиева ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр жөнінде әңгіме қозғап, діни ақпаратты кез келген интернет көздерінен алмай, арнайы мамандардан алу керектігіне тоқталды. 


«Шапағат» қоғамдық қорының теологы Н.Хаван қазіргі қоғамда Ислам дінінің атын жамылып, деструктивті діни ағымда жүргендердің көптеп кездесуін, олардың сипаттарына, діни көзқарастарына тоқталып, деструктивті діни ағымның жетегінде кетпеудің жолдарын түсіндіріп өтті. 


Мұнайшылар тарапынан ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылып, ақпараттық – танымдық материалдар таратылды. Кездесу 60-қа жуық адамды қамтыды.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля