Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту

Наурыз нағыз халықтық мейрам. Бұл мерекеде еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік сахна қойылып, дастархан жайылып, наурыз көже әзірленіп, түрлі спорттық жарыстар мен ұлттық ойындар өткізіледі. 
Осыған орай, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «Құлагер» ипподромында «Әз Наурыз – дәстүрлі мереке» атты мерекелік шара өтті. 


Халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық спорт құндылықтарын кеңінен насихаттау, әдет-ғұрпын қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатындағы шараға облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы М.Ізғалиев, облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілі Ж.Зайдуллин, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері А.Кенжеғалиев, Т.Шәкіров, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітнің бас имамы Б.Мансұров, қалалық «Құспан молла» мешітінің бас имамы Э.Ғұмаров, қалалық «Атырау селосы» мешітінің имамы С.Өскенбаев, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының директоры М.Тұрлыбеков, «Saltanat Media Group» ЖШС қызметкерлері С.Қалиева, К.Сәкен, А.Абдрахманова, қақтығыс аймағы Сириядан оралған әйелдер, Орталық мамандары, БАҚ өкілдері, мешіт жамағаттары қатысты. 


Шара барысында «Асық ату», «Арқан тарту» ұлттық ойындары ұйымдастырылып, тойға келген жұртшылық ұлттық спорт ойындарын тамашалады. 


Мерекелік шара аясында киіз үй орнатылып, дастархан жайылып, бауырсақтар мен ұлттық тағамдар таратылып, қонақтарға палау мен наурыз көже ұсынылды. 


Облыстық АТТ мүшесі А.Кенжеғалиев дастархан басына жиналған тұрғындарға:«Бейбітшілік пен бірліктің, ынтымақ пен тыныштықтың арқасында ұлттық мәдениетіміз дамып, ата дәстүріміз жаңғырып отыр. Демек, наурыз тойы ел тұтастығының айқын белгісі. Рухани жаңғырудың жарқын көрінісі. Бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай!»-деген жылы тілектерін арнап, өскелең ұрпақтың бақыты үшін ерінбей еңбек етуге шақырды. 
Наурыз тойына келген еңбек ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері наурыз көжеден дәм татып, ел мен жердің амандығын тілеп, ақ баталарын берді. 


Орталық маманы Д.Байбақты ұлттық өнерден шашу шашып, жас өнерпаз Н.Қайнеден ән шырқап, мерекенің мерейін асырды. 
Шара соңында ұлттық спорт ойындарының жеңімпаздары орталық басшысы М.Құбышевтің атынан арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля