Газадағы гуманитарлық көмек қоры жұмысын тоқтатқанын жариялады
АҚШ пен Израиль үкіметтері қолдайтын Газа гуманитарлық көмек қоры (GHF) өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі. – Біз өз жұмысымызды тоқтата отырып, бейімділік, жергілікті ынтымақтастық және есеп беру қақтығыс аймақтарындағы гуманитарлық көмектің қалай түрлене алатынын дәлелденген үлгісін қалдырып отырмыз, – делінген қордың X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде. GHF мәлімдеуінше, төрт жарым айлық жұмыс барысында қор Газаға 187 млн үлес тамақ жеткізіп, оларды анклав тұрғындарына таратқан.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Газадағы гуманитарлық көмек қоры жұмысын тоқтатқанын жариялады | Қазақстандағы Ислам
