Жаңалықтар

Дәстүрлі емес діннің қоғамға залалы

Ағымдағы жылдың 9-шы қыркүйегінде Қызылқоға аудандық, Қазақтелеком АҚ-да «Дәстүрлі емес діннің қоғамға залалы» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Ақпараттық-талдау орталығының маманы Н.Ғизат, Аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы қатысты. Шараны орталықтың маманы Н.Ғизат ашып, жат ағымдардың ерекшеліктері мен сипаттарын баяндай келе, олардан сақтану жолдарын түсіндіре кетті. Сонымен қатар, «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов  ұлттық құндылықтарды насихаттап, халқымыздағы қыз тәрбиесінің маңыздылығы жөнінде түсіндіріп: «Қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі ислам діні қоғамда да, мемлекетте де тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді»- деп сөзін аяқтады. «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы дәстүрлі емес ағымдардың Қазақстан аумағында таралуы және олардың қоғамға әсері туралы айта келе, жас ұрпақтарға бағыт-бағдар көрсету керектігіне тоқталды. Шара соңында мекеме қызметкерлері көкейтесті сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля