Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды
2025 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды. Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған. Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды | Қазақстандағы Ислам
