«Рухани келісім» мерекесі Индер ауданында тойланды

Қазақстан егемен, зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде алғашқы қадам жасағалы Рухани келісім күнін дәстүрлі түрде атап өтіп келеді. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. Осы мереке қарсаңында әр түрлі шаралар ұйымдастырылып, халық арасында рухани келісімді насихаттау кең етек алды. Осыған орай, биыл 18 қазан — Рухани келісім мерекесіне арналған салтанатты шара Индер ауданында аталып өтті.

Облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға Индер ауданы әкімінің орынбасары Д.Шамұратов, облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау  орталығының басшысы М.Құбышев, аудандық әкімдіктің қызметкерлері, мешіт имамдары, діни бірлестік өкілдері, АТТ мүшелері, студенттер, мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Рухани келісім күні Көктем қазақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықты насихаттауды мақсат еткен флешмоб акциясымен басталды. Флешмобқа 100-ге жуық мектеп оқушысы қатынасты.

          Салтанатты шарада сөз алған Индер ауданы әкімінің орынбасары Шамұратов Дарын Дүйсембайұлы көпшілікті Рухани келісім күнімен құттықтап, аймақтағы конфессияаралық келісімді және қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлестері үшін облыс әкімі Н.Ноғаевтың «Алғыс хатымен» облыстық АТТ мүшесі, ардагер ұстаз С.Сапанов, қалалық АТТ мүшесі, Ауған соғысының ардагері Т.Шакиров, «Құспан молла» мешітінің бас имамы Э.Ғұмаров, Индер ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мурзин, «Каспий маңының казіргі заман колледжі» директорының оқу өндірістік істері жөніндегі орынбасары А.Ахметова, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары Қ.Кәрім, Ү.Оразбаева, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологтары М.Омаров, А.Оразов, Қ.Миланбекті марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Одан әрі облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Құбышев Мейірбек Ғайнеденұлы Рухани келісім күнінің маңыздылығына тоқталып,  зайырлылық, ұлтаралық татулықты насихаттап, дін саласында қызмет етіп жүрген бір топ азаматтарды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежановтың «Алғыс хатымен» марапаттады. Олардың қатарында облыстық АТТ мүшелері С.Мұхамбетов, А.Кенжеғалиев, Т.Марданов, Православ Успен соборының настоятелі М.Соколов, Атырау Апостолдық шіркеуінің басшысы Д.Бурас, Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Қ.Мұсаев, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, «Шапағат» қоғамдық қорының директоры М.Тұрлыбеков пен Орталықтың маманы, тарихшы Е.Абзалов,  «Жәрдем Атырау» қоғамдық қорының директоры Е.Жаулин болды.

Одан әрі салтанатты жиын облысымызға танымал өнерпаздардың өнеріне ұласты.

Мерекелік шарадан соң арнайы келген облыстық АТТ мүшелері, ардагерлер Индер ауданында жаңадан бой көтерген тарихи тұлға Мұрат Мөңкеұлының ескерткішіне тағзым етіп,  гүл шоқтарын қойса, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың  ескерткіші жанында жылы естеліктерімен бөлісіп, фото-суретке түсті.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля