Жалырғыш заттар тәркіленді
ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесті. Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдікбаламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді. Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетіндепайдалануға арналған. Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Жалырғыш заттар тәркіленді | Қазақстандағы Ислам
