Дін істері комитетінің төрағасы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Әнуар Нұрманұлы Хатиев ведомствоның Дін істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 1982 жылы Алматыда дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, Д. А. Қонаев атындағы университетті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласы бойынша Жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорыны Заң бөлімінің маманы болып бастаған. 2005–2007 жылдары – Түзету мекемелерінде заңдылықты қадағалау бойынша Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Дін істері комитетінің төрағасы тағайындалды | Қазақстандағы Ислам
