Жастар және имандылық

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округіндегі Еңбекші жалпы орта мектебінің акт залында кездесу өтті.

          «Жастар және имандылық» тақырыбын қамтыған кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Е.Боранғалиев, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Т.Агорынов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Н.Хаван қатынасты.

          Орталықтың бөлім басшысы Е.Боранғалиев ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптары, сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490 бабы бойынша сөз қозғады.

Одан әрі  «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Н.Хаван, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көркем мінезі мен деструктивтік діни ағымдағы азаматтардың мінез-құлқын салыстыра отыра, айырмашылықтары, деструктивтік діни ағым өкілдерінің белгілі бір хадисті тіке мағында түсіну және қабылдауы жөнінде, деструктивтік діни ағымдардың уағыздаушылары мен діни кітаптары туралы оқушыларға түсінік берді.

2013 жылы «Терроризм» бабы бойынша сотталып, жазасын өтеп шыққан Т.Агорынов басынан өткен жайды баяндап берді. Мектеп оқушылары АТТ мүшесі Т.Агорыновтың әсерлі әңгімесінен ой түйіп, ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауап берілді.

Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля