Жастарға арналған семинар Құрманғазыда жалғасты

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен бүгін Құрманғазы ауылдық округіне қарасты С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Жастардың рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында семинар өтті.

Аталмыш кездесуге аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы М.Қожахметов, аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Ахметжанова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Жоламанова,  аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесші-инспекторы Д.Иргазиева, аудан жастары, аудандық кітапхана және мәдениет үйінің қызметкерлері қатынасты.

Кездесуге қатысушы баядамашылар «Дін мәселесінде жастарға дұрыс бағыт беру жолдары», «Болашаққа бағдар білім және тәрбие», «Рухани жаңғыру және тұлғалық жетілу мәселелері», «Мәңгілік елдің болашағы – білімді жастар» тақырыптары аясында баяндама жасады.

Семинарға қатысушы аудан жастары белсене ат салысып, дін төңірегінде туындаған түрлі сауалдарына қанағаттанарлық жауаптар ала алды.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля