Жаңалықтар

Жат ағымның зардабы түсіндірілді

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде қақтығыс аймағынан елге оралған әйелдермен кездесу өтті.

          Аталмыш шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары, РАТТ мүшесі, теолог Т.Талдыбаев, теолог, ҚМДБ «Екібастұз» қалалық мешітінің бас имамы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Б.Отарбаев, психолог-практик, «Психоаналитикалық психотерапия қауымдастығы» және «Кәсіби психологиялық лигасы» кәсіби мекемелерінің маманы М.Букашова, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы А.Сәден қатынасты.

          Кездесу барысында теолог Т.Талдыбаев қатысушыларға елімізге зардабын тигізіп жатырған деструктивті діни ағымдардың жастарға ықпалы мен ұлттық құндылықтардың аяқ асты болуы сияқты өзекті мәселелер жөнінде түсінік берді.

          Өз кезегінде сөз алған басқа да мамандар қатысушылармен өзара пікір алмасып, оларды ұлттық тәлім-тәрбиеде тәрбиеленген, ата-дәстүрімізді, ұлттық тіліміз бен дінімізді сақтайтын, рухани құндылықтарды құрметтейтін ел азаматтарын тәрбиелеуге шақырды.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля