Қ.Көшқалиев әкелер слетіне қатысты

Бүгін “Достық” үйінде Қазақстандағы отбасылық тәрбие мәселесінде әке институтының дамуы мен болашағын талқылау, отбасында әкенің жауапкершілігін арттыру мақсатында өткен “Әке — жауапты лауазым” әкелер слетіне Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев қатысты.
Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменова қатынасып, құттықтау сөз сөйледі. Б.Хаменова әр отбасының жеке мемлекет екенін айта кетіп, отбасындағы әкенің рөлі туралы сөз етті. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары слеттің қатысушыларын арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Басқарма басшысы Қайролла Дүйсешұлы отбасындағы әкеге құрмет, ұлттық құндылық пен қазақ отбасындағы тәрбие туралы сөз қозғады.
“Қазақта әке көрген оқ жонар деген жақсы сөз бар. Бұл жерде «әкенің сөзін тыңдаған оқ жонар» деп тұрған жоқ. Яғни кез келген әке өзінің әр басқан қадамы мен іс-әрекетіне мән беру қажет. Себебі бала әкеден көргенін қайталайды. Ал әкенің мәртебесін үйдегі отанасы көтермелеп отыруы тиіс”,- деп пікір білдірді.
Жиын соңында көтерілген мәселелер аясында ұсыныстар талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля