«Зайырлылық Қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі» атты кездесу

Облыстық  ақпараттық түсіндіру  тобының  жұмыс жоспарына сәйкес, 2019 жылы 16 тамыз  күні  ЖайықМұнайГаз МГӨБ – сы Забурын учаскесіндегі мұнайшыларымен  «Зайырлылық Қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі»  атты тақырыпта кездесу өтті.

          Кездесуге Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық – талдау орталығының маманы Е.Насимуллин, АТТ мүшесі Б.Қ.Құлғалиева, Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Махмутов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Н.Хаван қатысты.

          Ақпараттық – талдау орталығының маманы Насимуллин Ерболат  зайырлылық Қазақстан Республикасының  Конситутциясымен  белгіленіп іске асырылып отырған жүйемен, дәстүрлі ислам дінін мойындамай Салафилік (уахабистік) көзқарастағылардың заңға қайшы әркеттерін ауыздықтайтын заңдармен таныстырып өтті. Ислам философтары пікірін, ұлттық қазақи тарихи сана туралы айтты.

          Қоғамдағы жат ағымның зайырлы мемлекеттегі жағдайы мен атқарылып жатырған жұмыстар туралы Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Махмутов Арманбек Амантайұлы әңгімеледі.

          Жалпы қазақи салт – дәстүр оның маңызы, әр адамның өмірден өз орнын табудағы тірлігінің  қандай болу  керек екені туралы  АТТ мүшесі Құлғалиева  Ботакөз  өз көзқарасымен бөлісті.  

Ислам дінінің құндылықтары мен кескін –келбеті негізгі идеялары  туралы теолог Нұрбол  Хаван әңгімеледі. Кездесу кезінде  «Дүрбі» газеті және тақырыптық бетшелері үлестірілді.

          Кездесу соңында мұнайшылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, оларға нақты жауаптар алды.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля