Жаңалықтар

Зайытов: “Жауабын беруге дайынмын…”

“Намаз оқитындардың көбі алаяқ” деп айтқан Ринат Зайытовқа ақпараттық шабуыл жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Оның айтуынша, кейінгі екі күнде парақшасына екпінді ақпараттық және психологиялық шабуыл басталды. “Мұны өзім де күткенмін. Себебі, оған етім үйренген. Мұндай шабуылдар маған 2008, 2011, 2019 жылдары да жасалған. Жасырмаймын оңай емес. Бірақ шыдауға тура келеді. Енді сіздерге бұл технология қалай жасақталатынын түсіндіруге тырысайын. Мысалы, осы жолғы шабуылдың тақырыбы менің намаз оқып жүріп алаяқтық жасайтын адамдар жайлы айтқан сөзімді алға тартып, сол арқылы қоғамды маған қарсы қоймақ. Мақсаты белгілі. Біріншісі – мені қорқыту, екіншісі – менің жеке басыма қастандық жасалса, осы себептен екен дегізу, – деді Ринат Зайытов желісінде. Депутат жауабын беруге дайын екенін айтады. “Қадірлі ағайын, мен де өздеріңіз сияқты көп пенденің бірімін. Ешкімнен тығылып, ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Қандай да бір айтарларыңыз болса, жауабын беруге дайынмын. Бар арманым елімнің дұрыс өмір сүргенін, отанымның гүлденгенін көру ғана. Ешбір топтың алдында тізерлеп кешірім сұрамаймын!, – деді ол.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Зайытов: “Жауабын беруге дайынмын…” | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля