Қырғызстан: Кәрістер ислам дінін қабылдап жатыр

Қырғыз елінде бүгінде 17 мыңнан аса кәріс азаматы тұрып жатыр. Соңғы жылдары олардың арасында ислам дінін қабылдап, мұсылман болғандар саны арта түскен. Кәрістер Орталық Азияда 1937 жылы тұңғыш рет пайда болды. Сол жылы Қиыр Шығыстан 172 000 кәрісті Қазақстан мен Өзбекстанға жер аударған болатын. Олардың бір бөлігі Қырғызстанға қоныс тепті. Қырғызстандағы кәрістерінің көп бөлігі – христиандар, азғантайы – буддистер. Алайда 2000-жылдардан бері мұсылман кәрістер саны да айтарлықтай артып отыр. Солардың бірі Юрий Мұхаммед Юсуф 2004 жылы алғашқылардың бірі болып ислам дінін қабылдаған. “Егер 2000 жылы біреу маған “Сен Құранды араб тілінде оқитын боласың” десе, мен оны мүмкін емес дер едім” дейді ол. Владимир Абдулуахид те – өз досының артынан 2008 жылы мұсылман болған кәріс азаматы. Досы ислам дінін қабылдағаннан кейін көп өтпей қайтыс болады. “Мен оның қазасын маған берілген белгі ретінде қабылдадым. Алла маған кешіктірмей дінді қабылда дегендей көрінді” дейді ол. Тегтер: ислам қабылдаукәрістерҚырғызстан

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қырғызстан: Кәрістер ислам дінін қабылдап жатыр | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 19 часов

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля