Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам

Ислам діні әлемдік дін болғандықтан адамдар қарым-қатынаста бейбітшілікті ескере отырып, өз елінде бақытты және тыныш берекемен өмір сүруді алға қоятыны белгілі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоштасу құтпасы, яғни біздерге берілген уәде құтпасында жалпы адамзатқа аманат айтып,  ар, ұждан тазалығына, адамгершілік қасиеттерге шақырады.

Қоғамда дін ұстанушылардың құлшылық пен құрметті ажырата алуы маңызды. Кей кезде отбасылық құндылықтарды білмей жататыны да кездеседі.

Қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 19-аятында: «Сондай-ақ олармен жақсы шығысыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алла көптеген жақсылық жасап қойған болуы мүмкін», —  делінген. Аят түсіндірмесінде  ер адам әйелін құрметтеп, оның әлсіздігін, сезімталдығын ескеріп, дұрыс бағалауға ынталандырып, яғни ерлі-зайыптылардың ажырасу факторын әлсірету арқылы отбасылық берекенің формуласын ұсынып тұрғандай.

Өміріміздің ең маңызды бөлшектерінің бірі – отбасы. Отбасында әр адамның бала, іні, жігіт, аға, нағашы, әке, көке, ата немесе қыз, бойжеткен, қарындас, әпке, келін, жеңеше, ана, әже сияқты орындары бар. Бір-бірімізге қамқорлық танытып, туыстық қарым-қатынасымыздың көркем түрде болуы да маңызды. Туған-туысты біліп өскен отбасыға береке кіре бастайды. Бақытты әйелден бақытты ұрпақ тәрбиеленіп, қоғамға әлеуметтік-экономикалық пайданы оңынан көрсететін тұлғалар қалыптасатыны сөзсіз.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды (жақсы жерге) тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса, Алла Тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді» (Әбу Дәуіт, Әдеп) және «Әйел адам бес уақыт намазын оқыса, рамазан айының оразасын ұстап, ар-намысына ие болып және күйеуіне бағынатын болса, оған (ақыретте): «жәннатқа қалаған есігінен кір», — деп айтылады», -деген (имам Ахмад).

«Жәннат – ананың аяғының астында», — деген хадистерді білу арқылы исламда дүниеге шыр етіп қыз баласы келсе әкесін тозақтан қорғап, сауаптарға кенелтеді, тұрмысқа шықса күйеуінің иманының жартысы болады, ал дүниеге сәби әкелсе «ана» ретінде құрметтеледі. Қоғамда қыз-келіншектер мен ана орнының ерекшелігі осы жоғарыда келтірілген үш хадистен-ақ анық білініп тұр.

Қазіргі қоғамда әр адам халық үшін адал қызмет қылса, оның ісі               үй-ішіне, ағайын-туысына, халқына да пайдалы болу үшін білім алып, бір кәсіпті игеруі маңызды. Мысалы, басың ауырып, балтырың сыздаса ақ халатты абзал жандардарды іздеп, оларға жүгінеміз. Сол сияқты әйел адамдар «дәрігер», «тігінші», «тәрбиеші», «аспаз», «ұстаз» сынды тағы басқа мамандықтардың біреуін игеріп, өзінің сүйікті ісімен айланысса, қоғамда өзінің пайдалы екенін ұғына бастайды. Қай саланы игерсе де сол саланың маманы болуға ұмтылысы болса, жарқын болашақ балаларымызға берген бағыт бағдарымыз деп білеміз.

Жас ұрпаққа қазақ елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, дінін, жан мен тән саулығын, тіпті экономика саласында қаржылық сауаттылықты үйрету отбасында әр адамға жүктелетін жауапкершілік. Осы жауапкершіліктерді дер кезінде бере біліп, көп сауапқа кенелуді жазсын.

Қорытындылай келе, жалпы әйелдің бақыты – елдің бақыты.

 

 

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан

 жапа шеккендерге көмек орталығы»

 қоғамдық қорының теолог маманы

  Нұрғалиева Айнагүл Ізтелеуқызы

0

Автор публикации

не в сети 5 часов

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля