Мектеп, колледж бітірушілерінің назарына!

Атырау облысында ағымдағы жылдың 15-20 тамыз аралығында «ZOOM» платформасы арқылы жергілікті білім беру грантына құжат қабылдау конурсы басталғалы отыр.
Биылғы жылы облыстағы мектеп және колледж бітірушілер үшін облыс әкімінің атынан 116 грант бөлініп отыр.

Атап айтқанда, педагогика саласына-49, медицинаға-17 грант берілген. Ал, қалғаны өзге салаларға қатысты мамандықтарға бөлінген.
Облыс әкімінің грантына:
-ҰБТ-дан шектеулі балл алған барлық санаттағы түлектер құжаттарын тапсыра алады.
-Колледж бітіруші түлектер де қатысуға құқылы.
-Қатысушылардың балдары тең болған жағдайда ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға, кәсіптік-техникалық білімі бар және бір жыл жұмыс жасағандарға, сондай-ақ, республикалық, халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың жүлдергерлеріне басымдық берілетін талаптары міндеттелген.

Осыған орай, еліміздегі жоғары білімді мамандарды дайындайтын «Л.Н.Гумилев» атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті және де «Абай» атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеттері 2020-2021 жылға арналған оқу жылында келесідей мамандықтар бойынша білім алуға шақырып отыр. Яғни,
 «теология» мамандығы;
 «исламтану» мамандығы;
 «дінтану» мамандығы;
Аталмыш оқу орындарынан қазақ және орыс тілінде білім алғысы келетін жас талапкерлерге барлық мүмкіндіктерді жасай отырып, оларды мемлекеттік немесе әкімшілік бюджет арқылы оқыту мүмкіндігі қарастырылған.
Осы орайда, оқу орындарына үміткер талапкерлер болған жағдайда немесе қандай да бір сұрақтар бойынша төмендегі көрсетілген номерлерге байланысқа шығуға болады.
Облыстық білім беру басқармасының бас маманы А.Жұмағазиева: 87028364776
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығы маманы Э.Ашетова: 87788729789

(Талапкерлерге хабарландыру ретінде дайындалған флаерлар электронды почтаға ақпаратпен бірге жолданатын болады).

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля