Жаңалықтар

ChatGPT арқылы діни сұрақтарға жауап алуға болмайды

Өзбекстан мұсылмандары басқармасына қарасты Пәтуа орталығының қызметкерлері жасанды интеллект діни сұрақтарға толық жауап ұсына аламайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. — Жоқ, бұған жол берілмеуі тиіс. ChatGPT платформасы кейбір сала мамандарына пайдалы болғанымен, ол діни сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап қайтара алмайды. Өйткені, бұл адам қолымен жасалған өнім. Жасанды интеллект белгілі бір кітаптарға сілтеме жасай отырып, жауапты тек жобалап ұсынады. Бірақ ChatGPT келтіретін ақпарат ресми кітаптар мен өзге де дереккөздерде кездеспейді. Сондықтан шариғат мәселелері бойынша білімді мамандардың көмегіне, кеңесіне жүгіну орынды, — делінген Пәтуа орталығы жариялаған түсіндірмеде. Еске салайық, ChatGPT-ді әзірлеген OpenAI жасанды интеллект компаниясы Өзбекстанда салық төлеуші ретінде тіркелді. Ел тұрғындары оны 2023 жылдың қараша айынан бастап пайдаланып келеді.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ChatGPT арқылы діни сұрақтарға жауап алуға болмайды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля