Жаңалықтар

Семей полигонының жабылғанына – 34 жыл

Биыл Семей полигонын жабу жөніндегі Жарлықтың қабылданғанына 34 жыл толды. Осы орайда елордадағы Достық үйінде «Семей ядролық полигонының жабылуы: тарихи шешім, болашаққа бағдар» атты диалог алаңы өтті. Аталған диалог жұмысына қаланың белсенді зейнеткерлері, ардагер ұстаздар, журналистер мен қоғам белсенділері қатысып, 40-қа жуық адам жиналды. Диалог алаңына экс-депутат Зауреш Батталова, белігілі ғалымдар, экологтар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысып, бұл мәселенің өзектіліге тоқталды. Қатысушылардың ой-пікірі полигоннан зардап шеккен аймақтарға әлеуметтік көмек көрсету төңірегінде өрбіді. Алғашқылардың бірі болып сөз алған республикалық «Ерекше тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық бөлімінің төрайымы, Семей полигоны мен Арал қасіреті проблемасын зерделеуші қоғам белсендісі, тарихшы Гаури Жомартова Семейде құрылған «Полигон-21» комитетінің атқарған жұмыстарын ерекше атап өтіп, сондай-ақ бүгінгі күнде орын алған полигонның зардаптарына жан-жақты тоқталды. Ашық диалог жұмысына Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан қатысқан тіл маманы Маржан Бектұрсынқызы өз кезегінде полигоннан зардап шеккен аймақтарға көрсетілетін жеңілдіктер туралы тоқталып өтті.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Семей полигонының жабылғанына – 34 жыл | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля