Сеулде Оңтүстік Корея тоғызқұмалақ федерациясы құрылды
Федерация президенті болып Sanghee Oh ханым, Бас хатшысы болып Doh Hun Bae мырза сайланды. Былтыр қыркүйек айында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменовтің бастамасымен Sanghee Oh ханым басқаратын Сеулдегі Математика және ойындар Академиясымен Дүниежүзі тоғызқұмалақ федерациясы арасында меморандумға қол қойылған. Содан бері Корея тоғызқұмалақ қайраткерлері белсенді жұмыс істеп , тоғызқұмалақты арнайы сыныптардың бағдарламасына да енгізді.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Сеулде Оңтүстік Корея тоғызқұмалақ федерациясы құрылды | Қазақстандағы Ислам
