Тату көршілік пен мәдениетаралық диалогтың жаңа бағыттары
30 шілдеде Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының ұйымдастыруымен «Орталық Азия елдерінің XXI ғасырдағы мәдениеттерінің тату көршілігі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Қазіргі жаһандық цифрландыру, көші-қон және әлеуметтік өзгерістер жағдайында Орталық Азия аймағындағы елдердің рухани және мәдени байланыстарын тереңдету, сондай-ақ өзара түсіністік пен құрметке негізделген мәдениетаралық диалогты жандандыру қажеттілігі артып отыр. Бұл бағыттағы бастамалар Орталық Азияның көне мәдени мұрасы мен дінаралық тәжірибесін негізге ала отырып, аймақты әлемдік конфессияаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналуына мүмкіндік береді. Конференцияның мақсаты – Орта Азия аумағындағы мәдениет пен ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген мемлекеттік құрылымдар, халықаралық ұйымдар мен ғылыми орта өкілдерін өзара тәжірибе алмасуға, тың идеялар мен ортақ бастамаларды талқылауға мүмкіндік беретін ашық әрі мазмұнды диалог алаңын қалыптастыру болды. Жиынды Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқарма Төрағасының м.а. Марат Қалижанов бастады. Ол өз сөзінде қонақтармен аталмыш конференцияда жүздескеніне қуанышты екенін білдіріп, жаңа дәуірде тату көршіліктің ерекше маңызға ие екенін айта кетті.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Тату көршілік пен мәдениетаралық диалогтың жаңа бағыттары | Қазақстандағы Ислам
