Тыйым салынған діни материалдарды сақтаған

ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жыл басынан бері ҚР аумағында тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды сақтаудың 3 дерегін анықтаған. Барлық аудио файлдар смартфондарда сақталған. Алғашқы фактілер ағымдағы жылдың қаңтар және наурыз айларында анықталған, онда облыс орталығының 31 және 33 жастағы екі тұрғыны, діни мазмұндағы материалдарды белгілі әлеуметтік желілердің бірінде жариялаған. Діни материалдар тәркіленді. Үшінші дерек ағымдағы жылдың мамыр айында анықталды. Онда Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғыны ұялы телефонында тыйым салынған діни мазмұнды аудио кітапты сақтаған. Жиналған материалдар дін істері басқармасына жіберіліп, дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша тыйым салынған діни мазмұндағы материалдардың мазмұны расталды. Жоғарыда аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы – (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. Қайнар көзі: zakon.kz

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Тыйым салынған діни материалдарды сақтаған | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля