Қытайда тағы бір мешіт “қытайланып” жатыр

Жуырда біз Қытайда мешіттердің ислами бет-бейнесінен ажырап, “қытайлық стильге” өзгеріп жатқаны туралы жазған едік. Таяу күндері Юннан провинциясындағы тағы бір тарихи мешіт солардың кебін киіпті. Шадиан мешіті 1684 жылы тұрғызылған. Бұл өлкеде негізінен ислам дінін қабылдаған қытайлар – хуэйлер мекен етеді. Жуырда имандылық жолындағы мұсылмандар қажылық сапарынан келгенде Шадиан мешіті жабық тұрғанын және жан-жағынан қоршалып, құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын көреді. Сөйтсе, мешіттің күмбезі мен мұнаралары құлатылыпты. Олардың орнына қытайлық стильдегі құрылыстар салынбақ. Шадиан мешіті хуэйлердің мақтанышы болатын. Қытай билігінің осындай қадамға баруы жергілікті халықтың наразылығын туғызды. Тегтер: Қытаймешіт

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қытайда тағы бір мешіт “қытайланып” жатыр | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 9 часов

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля