Қазақи салт-дәстүрдегі отбасы құндылығы

Отбасы адамзат тарихында әрқашан маңызды орынға ие болып, адамдардың қоғам болып қалыптасуына себепші болды. Тарихқа көз жүгіртсек, алғашқы қоғам отбасынан құрылғанын көреміз. Құранда осы мәселеге тоқталып, ең алғаш жаратылған адам баласының отбасы болып өмір сүргені де айтылады. Адамзаттың негізі – отбасы екені сөзсіз. Өйткені адамның негізгі қасиеттері отбасында қалыпаса бастайды. Елімізде бұл мәселеге қатысты зерттеулердің аздығын ескере отырып, Исламдағы отбасы мәселесі жан-жақты зерттеуді қажет ететін тақырып деп ойлаймыз. Өйткені қазіргі замандағы ең үлкен мәселелердің бірі – отбасылардың ыдырауы мәселесі. Сонымен қатар, көптеген отбасылардың ислам дініндегі отбасын қалай құру керектігі туралы ақпараттан бей-жай қалып, ажырасуға апарып соқтыратынына куә болудамыз. Осыған сәйкес, отбасы туралы мағлұматтарды біліп, Құран мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сай отбасын құру және қоғамға таза, текті ұрпақ тәрбиелеу әрбір мұсылманның басты парызы. Алғашқы адам мен алғашқы пайғамбардан бастау алып, бүгінгі күнге дейін сақталып келген ең қуатты әлеуметтік институт отбасының бүгінде үлкен қауіп-қатерлерге тап болуы біздің назарымызды осы мәселеге аударды. Түрлі себептерге байланысты ажырасу деңгейінің артуы осы қауіптердің ең айқын көрінісі болып табылады. Отбасына қауіп төндіретін факторлардың бірі – отбасылық ортадан ада, заңды некеден тыс ұрпақтың көбеюі. Отбасына төнген бұл қатер шын мәнінде бүкіл адамзатқа қауіп төндіретіні анық. Сондықтан зерттеу онтологиялық (биологиялық) болмыстан гөрі адамның сапалық болмысының жолын іздеу қажеттілігіне негізделген. Оның сапалы тіршілігі заңды неке және осы неке арқылы құрылған отбасы арқылы өтеді. Құқықтық, моральдық, діни және тағы басқа көптеген аспектілерде зерттелуі керек отбасы институты маңыздылығына байланысты, әсіресе қоғам мен мәдениеттерге байланысты өзгеретіндіктен, социологиялық тұрғыдан да талқылануы маңызды. Осы себепті отбасының өткеннен бүгінге дейін бастан кешкен өзгерісі, оның құнын жоғалтуы сияқты мәселелерге баса назар аударылады. Алғашқы және кейінгі кезеңдегі араб тілінің сөздіктері арқылы «әһіл», «бәйт», «әһлі бәйт», «әл» және «әйлә» секілді сөздер арқылы этимологиясын анықтауға тырыстық. Құрандағы бұл сөздер отбасы сөзін білдіреді. Құранда Ибраһим мен Имран пайғамбардың әулетінің отбасы ретінде таңдалғандығы туралы арнайы айтылады. Бұл екі отбасы тәрбиелік, қорғаушы және бағыттаушы қасиеттеріне байланысты идеалды отбасы түрі ретінде қарастырылды. Адам ата мен Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбардың әулеттері жер бетіндегі алғашқы және соңғы отбасы болғандықтан үлгілі отбасы болып саналды. Осы үлгілі отбасылардың адалдық, шынайылық, пәктік және тағы басқа құндылықтары оларды өзгелерге үлгі ететіндей қасиетке ие. Бұл құндылықтардан басқа, олардың ең ерекше белгілері – олардың тәрбиелік, қорғаныштық және бағыттаушы қасиеттері. Осы төрт отбасы арқылы отбасының институционалдық үлгісі сақталды. Неке институтын отбасы құқығы ғылымындағы негізгі институт деп айтуға болады. Неке отбасы ұғымымен тығыз байланысты және оның негізі болып табылады. Әрине, қай заманда да неке институтына мемлекет пен шіркеу ғана емес, қоғам да ерекше көңіл бөлген. Мұсылман құқығында неке шариғат заңдылығы бойынша қарастырылады. «Отбасы» сөзі адамның туыстары мен жақын адамдарын білдіреді. Ал шариғат термині ретінде қоғамның өзегі саналатын, еркек пен әйелдің некелесуі арқылы құрылатын, дүниеге салиқалы ұрпақ алып келетін адамдардың тобы. Бұл мәселеге де байланысты біраз аяттар түскен Құран балаларды ата-ана алдындағы міндеттерін де айта отырып, ата-анаға мейірімді болуды бұйырады. Құранда: «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін оқиын: «Оған еш нәрсені серік қоспаңдар, әке-шешеге жақсылық істеңдер…» де» (Әнғам сүресі, 151-аят) делінген. Басқа бір аятта болса: «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті», (Исра сүресі, 23-аят) – деп баяндалған. Алла Тағалаға құлшылық еткеннен кейін ата-анаға бағынуды бұйыруы олардың қаншалықты құрметті, мойынсұнуға лайық екенін көрсетеді. Балалардың ата-ана алдындағы міндеттерінің бірі – ата-анасы немесе олардың біреуі қартайғанда оларды қорғау, қарайласу. Бұл мәселеге қатысты Құранда былай делінген: «… Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме. Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!», – де». (Исра сүресі, 23-24 аят). Олардың шамасы келмейтін барлық нәрседе балалары көмектесуі керек. Бала ата-анасына жақсылық жасап, олардың кешірімін алу қажет. Тимур НҮСІПХАНҰЛЫ: Жиһадтың шын мәні – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю 11.07.2023 165 жыл: «Шәкәрім жүрген ізбенен» шарасы өтті 11.07.2023   Қуаныш Тоқсанбайұлы, РАНТ мүшесі Алматы Орталық мешіті

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қазақи салт-дәстүрдегі отбасы құндылығы | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля