Қазақстан Ауғанстанға қандай өнімдерді экспорттайды?

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастар мен олардың даму әлеуеті жайында мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 3 тамыз күні Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы мен ауған тауарларының көрмесі болады. Ауғанстанның сауда министрі Нұриддин Азизи бастаған 200-ден астам делегация келеді деп жоспарланған. Ауғанстан – қазақстандық ұнның негізгі тұтынушысы. Біз бүкіл ұн экспортының 70% – ауған халқына жөнелтеміз. Біздің бизнесмендер осы бағытта жемісті ынтымақтасып келеді. Өткен жылы ұн жеткізу көлемі 52%-ға (2021 жылы 895 мың тоннадан 2022 жылы 1,3 млн тоннаға дейін), бидай – 20% – ға (2021 жылы 572 мың тоннадан 2022 жылы 687 мың тоннаға дейін), күнбағыс майы-6,2 есе (2021 жылы 2825 тоннадан 2022 жылы 17,5 мың тоннаға дейін) артып, биылдан бастап қара бидай жөнелтіле бастады. Бұл тауарлардың сұраныс әлеуеті өте зор, – деді Қайрат Төребаев Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте. 2013 жылдан бастап Ауғанстанда қазақстандық компаниялардың 6 сауда-экономикалық миссиясы өткізілді. Ауғанстан Қазақстанға жемістер, көкеністер, жаңғақтар және т.б өзінің ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсына алады. Айта кетейік, көрме аясында Ауған кәсіпкерлері ең танымал тауарлардың барлық ассортиментін ұсынады. Не арқылы: baq.kz Тегтер: Ауғанстан

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қазақстан Ауғанстанға қандай өнімдерді экспорттайды? | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 7 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля