Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы» жобасы аясындағы алғашқы «Балуан тас сапары» өтті

Qazaq kuresi ассоциациясының қолдауымен «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясы «Қазақ күшінің картасы» жобасы аясында алғашқы ғылыми-танымдық экспедициясын өткізді. «Балуан тас сапары» деп аталған бұл іс-шара қазақтың ұлы палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы ғұмырнамасына тиесілі тарихи тасты таныстыруға арналды.  Сапарға «Baluan tas» академиясы жанындағы журналистер пулы, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ жыршы-күйшілер қатысты. Экспедицияны Qazaq kuresi ассоциациясының басшысы, белгілі палуан Дамир Бекбосын және «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті, күш мәдениетін зерттеуші ғалым Абылайхан Қалназаров бастап барды. Бір күнге созылған маршрут Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде басталып, Мәшһүр Жүсіп Көпей кесенесіне зиярат жасаумен жалғасты. Онда А.Қалназаров өзі басып шығарған «Балуан тас» қостомдығын бұл кітапты жазуда әулие бабаның батыр-балуандарға қатысты жазбаларының пайдаланылғанын атап өте отырып Мәшһүр Жүсіп Көпей музейі қорына тапсырды. Оны атаның шөбересі, осы кесененің шырақшысы Әсет Пазылов қабыл алды. Одан кейін қатысушылар Баянауылдағы Қажымұқан көтерген әйгілі Қажымұқан тасына барып, оның тарихымен танысты. Сапар барысында осы тарихи жәдігер орналасқан Қаныш Сәтбаев музейінде арнайы салтанатты рәсім өтіп, оның директоры Қайыргелді Әбілғазинге А.Қалназаровтың аталмыш «Балуан тас» екі томдығы мен «Тас палуан» лақабымен танымал атлет, КИНЕС рекордтар кітабының рекордсмені Арман Сүлейменнің бірқатар темір-сымнан иілген жәдігерлері табысталды. Ал аймақтың Сабындыкөл жағасындағы табиғат аясында академияның тағы бір жобасы – «Күш лекциясы» ұйымдастырылып, Жасұлан Есімхан, Естеміс Мамырайхан сынды жыршы-күйшілер «Алпамыс», «Батыр Баян» секілді эпостар мен танымал күй-жырларды орындады. Кешкісін экспедиция мүшелері қайтадан Астанаға оралды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: «Қазақ күшінің картасы» жобасы аясындағы алғашқы «Балуан тас сапары» өтті | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 21 час

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля