Жаңалықтар

Қоғамдағы жастар және дін мәселесі талқыланды

«Қоғамдық келісім» КММ және облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бірлесуімен «Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында Атырау сервис колледжінің студенттерімен кездесу өтті. 


Кездесудің басты мақсаты — жастардың діни сауатын ашып, оларды патриоттыққа, имандылыққа, адамгершілікке шақыру және қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Ж.Көркембаева, «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Талдау және мониторинг» бөлімінің басшысы А.Қосалиева, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы М.Омаров, Атырау қалалық Аналар кеңесінің төрайымы, «Аяла» балабақшасының директоры С.Убдиянова, «Saltanat Media Group» ЖШС өкілі С.Қалиева қатысты. 


«Шапағат» қоғамдық қорының теологы М.Омаров жастарға ислам дінінің қазақ жеріне келу тарихына тоқтала келе, діннің еліміздегі бүгінгі ахуалына саяси сараптама берді. Жастарды діни сауатты болуға, ұлттық дәстүрімізді сақтауға, ата-ананы құрметтеуге шақырды және өз кезегінде қоғамда пайда болған діни бөлінушілік кейбір отбасыларға кері әсерін тигізіп жатқаны жөнінде статистикалық мәліметтерді де атап өтті. 


Студенттер қатысушыларға өздерін толғантып жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Қатысушылар саны – 60 адам.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля