Ұлтаралық араздық қоздырғандар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде ұлтаралық сипаттағы жанжалдардың жиілеп кеткенін ескертеді. — Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтаралық келісімді бұзуға әкеп соғуы мүмкін кез келген әрекетке тыйым салады. Ұлтаралық араздық — қоғамдық тұрақтылық пен бірлікке төнетін ең қатерлі қауіптердің бірі болып табылады. Мұндай әрекеттердің салдары — жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік құрылымның бұзылуына, сондай-ақ этностар мен мәдени топтар арасындағы терең қайшылықтарға алып келуі мүмкін, — делінген Қарағанды облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Ұлтаралық араздық қоздырғандар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады | Қазақстандағы Ислам
