«Ұлт бірлігі мен қауіпсіздік» тақырыбында кездесу өтті
Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры «Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды насихаттау, кеңінен түсіндіру, дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу» жоспарына сәйкес, «Дина» сауда үйінде саудагерлердің қатысуымен «Ұлт бірлігі мен қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.
Аталған шарада
қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мәдениет қайраткері, облыстық ақпараттық
түсіндіру тобының мүшесі Абат Кенжеғалиев, «Шапағат» ҚҚ теолог маманы А.Сәден,
Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің бөлім
басшысы А.Бақтығалиев, қақтығыс аймағынан келген М.Таженова қатысты.
Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық
талдау орталығының бөлім басшысы А.Бақтығалиев «Діни қызмет жəне діни
бірлестіктер туралы» заңының талаптары, сондай-ақ, ҚР «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» кодексінің 453, 490 баптарында көзделген құқықтық
жауапкершілігі туралы түсіндірді. «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа
шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теологы А.Сәден теріс ағымнан сақтанудың
жолдарын түсіндіріп, дәстүрлі дін мен теріс дін жолының ара жігін атап,
айырмашылықтарына тоқталды.
«Шапағат» ҚҚ қызметкері, қақтығыс аймағынан
елімізге оралған отбасы мүшесі Малика ТАЖЕНОВА теріс діни ағымға арбанудың
жолдарымен, Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, қазіргі таңда
«Шапағат» Қоғамдық қорына қызметке тұрып, жастарға, облыс
тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізудегі мақсатын жеткізді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан болған
сауалдарға дін мамандары тұщымды жауаптар берді