Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXIII отырысы өтті
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қарсаңында бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Съезд Хатшылығының XXIII отырысы өтті. Онда ортақ миссияға табан тіреген түрлі дін өкілдері алдағы VIII Съезге және Форумның Ізгі ниет елшілерін сайлауға қатысты мәселелерді талқылады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев отырысқа қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд 20 жылдан астам уақыт бойы жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға, маңызды әлемдік проблемаларды шешуге рухани дипломатияны жұмылдыруға, сондай-ақ, толеранттылық пен өзара қолдау идеяларын дәріптеуге ықпал етіп келе жатқанын айтты. Сенат Төрағасы атап өткендей, Съездің бейбітшілікті сақтауға және келісім, өзара құрмет, ынтымақтастық мәдениетін нығайтуға бағытталған тың бастамалар мен ұсыныстар айтылатын бірегей диалог алаңына айналуы – барлық қатысушының ортақ жұмысының нәтижесі.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXIII отырысы өтті | Қазақстандағы Ислам
