Жаңалықтар

Дүниежүзілік ислам лигасымен меморандум жасады

Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Исамен кездесті. Мәртебелі мейман алдымен Республикалық Бас мешітті аралап, оның сәулеттік ерекшеліктерімен және діни-ағарту бағытындағы қызметімен танысты. Кездесу барысында тараптар ислам құндылықтарын насихаттау, бейбітшілік пен келісім мәдениетін ілгерілету, өркениеттер арасындағы өзара түсіністік пен диалогты дамыту мәселелерін талқылады. Осы мақсатта ҚМДБ мен Дүниежүзілік Ислам лигасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат өзара теңдік, құрмет, ашықтық және ортақ мақсаттарға адалдық қағидаттарына негізделген. Кездесу соңында тараптар игі бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Дүниежүзілік ислам лигасымен меморандум жасады | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля