Мақалалар

Әртүрлі діндер мен сенімдер арасындағы өзара түсіністік пен құрмет – бейбіт өмірдің кепілі

Қазіргі әлем – түрлі ұлттар мен ұлыстар, сан алуан дін мен сенім иелері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан күрделі әрі көпқырлы қоғам. Әртүрлі көзқарастар мен нанымдардың қатар өмір сүруі – бір жағынан рухани байлық, екінші жағынан үлкен жауапкершілік жүктейтін жағдай. Осындай көптүрлілік жағдайында адамзаттың ең басты құндылығы – өзара түсіністік пен құрмет. Бұл ұстаным қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі, ал әрбір азаматтың парызы – осы құндылықтарды сақтау және дамыту.

 

Дін – адам баласының рухани тірегі. Әрбір дін ізгілікке, әділдікке, мейірімділікке үндейді. Сондықтан да түрлі діндер арасында өзара жауластық емес, керісінше, ортақ адамгершілік құндылықтарға негізделген келісім болуы тиіс.

 

Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен 18-ден астам діни конфессия бейбіт өмір сүріп жатқан зайырлы мемлекет. Елімізде діни сенім бостандығы қамтамасыз етілген, әр азаматтың ар-ождан құқығы заңмен қорғалған. Бұл өз кезегінде түрлі сенім иелері арасында төзімділік пен диалог орнатуға мүмкіндік береді. Халықтар арасындағы татулық пен дінаралық келісім –Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының жүргізіп отырған саясатының басты бағыты. Қазақстанда өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері – осы бағыттағы іргелі қадамдардың бірі. Бұл бастамалар еліміздің халықаралық аренадағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесінің дәлелі.

 

Әртүрлі сенім мен мәдениеттің қатар өмір сүруі – қоғам үшін сын да, мүмкіндік те. Бұл жағдайда ең маңыздысы – бір-бірімізді тыңдай білу, түсіне білу және құрмет көрсету. Өзара түсіністік пен діни толеранттылық – тек бейбіт өмірдің емес, сонымен қатар ұлттық бірліктің, тұрақтылықтың, дамудың кепілі. Сондықтан біз баршамыз осы құндылықтарды сақтап, келесі ұрпаққа аманат етіп жеткізуге міндеттіміз.

 

Мұратбек Борисұлы

 

«Шапағат» деструктивтік діни

ағымдардардан жапа шеккендерге

көмек орталығы» қоғамдық қорының

теолог маманы

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля