Интернетте экстремизмді насихаттау азаймай тұр

Ақпарат жəне қоғамдық даму вице-министрi Нұргүл Мауберлинова жұртшылықтың талқысына түскен қауiпсiздiк сертификатын орнату мəселесiне қатысты пiкiр бiлдiрдi, — деп жазады Елорда Инфо. 

«Бiздiң министрлiк интернет беттерiнде, əлеуметтiк желiлерде тұрақты түрде мониторинг жүргiзiп, заң бұзатын жағдайларды анықтап отырамыз. Əрине ең алдымен терроризмге, дiни экстремизмге үндейтiн, суицидке шақыратын материалдардың, сол сияқты есiрткi, қару-жарақ сататын сайттардың алдын алады. Күн сайын бiз ондаған, тiптi жүздеген интернет ресурстар мен əлеуметтiк желiлердi анықтаймыз», — дей келе Нұргүл Мауберлинова статистикалық мəлiметтердi де келтiрiп ɵттi. 

Оның айтуынша, 2016 жылы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлiгi 140 мыңнан астам терiс бағыттағы материалды тапса, 2017 жылы бұл кɵрсеткiш 300 мыңнан асып түскен. «Былтыр бұл кɵрсеткiш азая түстi, бас-аяғы 130 мыңға жуық.

Ал осы жылдың жартыжылдығында терiс бағыттағы материалдардың 45 мыңға жуығын анықтадық. Айтарлығы, заң бұзатын материалдың шамамен 90 пайызы терроризмге шақырады. Ал қалғаны есiрткi, қару-жарақ тарату, суицидке шақыру жайлы. Мысал ретiнде видеоларда Орта Азия мен Қазақстаннан шыққандардың Сирияда адамды қинап ɵлтiрiп жатқаны немесе жиһадқа шақырғаны кɵрсетiледi. Бұдан бɵлек, əр уақытта əлеуметтiк желiлерде «синий кит», «тихий дом» секiлдi суицидке шақыратын топтарды кездестiремiз. Соңғы уақытқа дейiн мұндай жағдайлардың алдын алу техникалық тұрғыда мүмкiн болмады», — дедi вице-министр.

0

Автор публикации

не в сети 21 час

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля