Мүшайра жас ақындар талабын ұштады

          Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының  ұйымдастыруымен Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектепте «Ұлттық салт-дәстүр — халқымыздың рухани өзегі» атты аудандық жыр мүшайрасы өтті.

          Аталмыш байқауға алты үміткер қатынасты. Жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін сөз өнері арқылы көрсете білуді мақсат еткен жарыста ақындар жырларын мәнерлеп жатқа оқып, көпшіліктің көзайымына айналды. Қатысушылар «Дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі» және «Имандылық — ізгілік бастауы» тақырыбында қалам тербеді.

          Тұлымшақтары желбіреген ақындарымыз тақырыпты ашып, бір-бірінен қалмай оза шапты. Сайыс барысында жыр шумақтарымен көзге түсіп және мәнерлеп оқуы жүректерді баурап алған ақындарымыз да болды. Ақындарға әділ бағасын берген қазылардың құрамында М.Баймұханов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлфайруз Габдуллина, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақұштап Бақтыгереева және Х.Санбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақжанар Жалғасбаева төрелік етті.

          Нәтижесінде «Maqat tynysy» газетінің тілшісі Анварбек Садыков І орын иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Л.Шахатов атындағы орта мектебінің мұғалімі Мөлдір Несіпбаева ІІ орын және Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Ақбаян Боранбаева ІІІ орынмен марапатталды.

          Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Айдос Тастай, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушысы Ақерке Жақсыбергенова және Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Айша бибі Бақбергенге алғыс хат және естелік сыйлықтар табысталды.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля