Жаңалықтар

«Діни экстремизм: себептері мен жеңу тәсілдері»

Қоғамның  ең  әлсіз әрі нәзік тұсы — дін. Жастарымыздың діни  сауаттылығы аз болуынан ба,  әлде  басқа  себептен бе, соңғы кезде елімізде  теріс ағымдардың арбауына  түсіп, отбасынан айырылып,  өмірімен ерте  қоштасып жатқан  жандар саны күрт өсуде.

          Осы орайда облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде  Х.Санбаев  орта мектебінің  жоғарғы  сынып  оқушылары  арасында «Діни экстремизм:  себептері мен жеңу тәсілдері» тақырыбында шара  өтті. 

          Шара барысында облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы аясында түсірілген «Желіні желіктірген жалған дін» бейнеролигі көрсетіліп, қоғамға жат теріс діни ағымдардан  аулақ болу керектігі жөнінде мәлімет берілді.

          Аталмыш шараға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Р.Әлиева, аудандық орталық мешіттің бас имамы Б.Сағындықов,  аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Тулебаева қатынасты. Қоғамның  әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын  ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік  және  діни экстремистік  бағытта  арандатуға  жол  бермеу  мақсатында   өткізілген шарада  мектеп оқушылары діни  экстремизм, лаңкестік, террорлық бағыттағы  көкейде жүрген   сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын  алды.

          Шарада мәдениет үйінің өнерпаздары Б.Мұханбетжанов, А.Елубаев тақырыптық әндерін шырқап, аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Тулебаева шараға атсалысқан қонақтарға, ұстаздарға, оқушыларға алғысын білдіріп, сыйлықтар табыс етті.

          Шара соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля