Интеллектуалдық сайыста Сервис колледжінің студенттері белсенділік танытты
Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Сервис колледжінің студенттері арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуді мақсат еткен байқауда облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, Орталықтың бөлім басшысы А.Бақтығалиев, Сервис колледжінің оқытушысы Н.Берікқалиева, колледждің жастар ұйымының инспекторы Н.Құрманова қазылық етті.
Cайыс нәтижесінде шапшаңдығымен көзге түскен «Самғау» тобы І орынға ие болса, «Бірлік» тобы ІІ орын, ал «Адал» тобы ІІІ орынды иеленді.
Соңында барлық қатысушылар арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ студенттерге ақпараттық-танымдық материалдар тартылды.