Жаңалықтар

Жергілікті діни бірлестік басшылары басқосты

          Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығында ағымдағы жылдың 20 ақпанында облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиевтің төрағалығымен Атырау қаласында орналасқан  жергілікті діни бірлестік басшыларының қатысуымен дін мәселелеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды түсіндіру бағытындағы кеңес болып өтті. Мәжіліске Атырау өңіріне іссапармен келген «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Дінтанулық зерттеу орталығының сарапшы-менеджері М.Қиқымбаев, маманы А.Орынтай қатысты.

        Басқарма басшысы Қ.Көшқалиев Атырау облысы Дін істері басқармасы заңға қайшы идеяларды оның ішінде дінаралық және ұлтаралық араздықты қоздыруға діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттауға бағытталған материалдардың таралуына жол бермеу, дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында БАҚ және интернет-ресурстарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырғанын жеткізді. Алайда, діни мазмұндағы әдебиеттердің заңсыз сатылуы немесе таратылуы, әлеуметтік желілерге түрлі діни тақырыптардағы материалдарды тарату фактілері орын алып отырғанын да атап өтті.

Сонымен қатар, өткен жылы әлеуметтік желілерге мониторинг жұмысын күшейту мақсатында «Kazdream Media» компаниясы әзірлеген «Интернет-карта» жобасы енгізіліп, аталған карта негізінде қауіпті діни мағлұматтарды автоматтандырылған түрде жинау және сараптау қарастырылғанын, осы арқылы қауіпті аккаунттарды анықтауға, деструктивті діни ағым ұстанушылар таратқан уағыздарын анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік  берілетініне тоқталды.

Жалпы жиын барысында жергілікті діни бірлестік басшыларына дін саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдары мен көптеген өзекті мәселелер түсіндірілді. Сондай-ақ, діни мазмұндағы әдебиеттерді заңсыз сату немесе тарату және әлеуметтік желіге діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды жариялау әкімшілік құқық бұзушылықтарға апарып соқтыратыны ескертілді.

Басқарманың «Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық-талдау» бөлімінің бас маманы Е.Ерғалиевтің мәлімдеуінше, діни мазмұндағы материалдарды  Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін арнайы бекітілген тұрақты үй жайларда ғана рұқсат берілген. Осы рұқсат қағаз болмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490-бабының 1,3-тармағына сәйкес жеке тұлғаға 50 АЕК, заңды тұлғаға 100 АЕК  көлемінде айыппұл төлейтіндігін баса айта өтті.

«Сұлтан Бейбарыс» мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев, Римдік-Католиктік Атырау Апостол әкімшілігі діни бірлестігінің басшысы Дариуш Станислав Бурас, «Атыраулық Кришнатану қоғамының» өкілі  Әлия Қазиева басқосудың қажеттетілігін атап өтіп, облысымызға миссионерлерді шақырту, діни бірлестік ғимаратының ішкі тәртібіне бағыну, діни мазмұндағы ақпараттар мен әдебиеттерді тарату үшін интернет ресурстарында жеке сайттарын ашу жөнінде сауалдарын жолдай отырып, нақты жауаптарын алды.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля