Екі қасқыр өнегесі
Ерте бір заманда қарт адам өзінің немересіне ақыл айтып отырады.
– Әрбір адамда ішкі соғыс болып отырады. Олар екі қасқыр сияқты. Оның бірі – жамандық, арамдық, өтірік, менмендік сияқты жаман қасиеттер болса, екінші қасқыр қайырымдылық, жақсылық, бейбітшілік, үміт, шындық секілді жақсы қасиеттерді білдіреді.
– Ал соңында қай қасқыр жеңеді? – дейді ойлы кейіппен немересі. Сонда қария:
– Қай қасқырды асырасаң, сол жеңбек, – деген екен.