Канадалық мектеп ораза ұстаған оқушыларға құрмет көрсетті
Еліміздегі кейбір “мұсылман” қазақтар мектеп оқушыларының ораза ұстауын “келешектің жаназасы” деп “үкім” шығарып жатқан кезде сонау Канаданың Британ Колумбиясындағы орта мектеп Рамазанға арнап айшықты көрме өткізіп, мұсылман оқушыларын қасиетті аймен құттықтады.
11-сынып оқушысы Зейнеп Хан өз мектебіндегі Рамазан құрметіне арнап көрме ұйымдастырылғанына шын қуанғанын айтады.
“Мұны көргенде кеудемді қуаныш кернеді, – дейді мұсылман қыз. – Өзімнің осы мектептің бір бөлшегі болғаным үшін бақыттымын”.
Дегенмен Ханның бүгінгі көргені басқа бір мұсылман қызы Африн Бегімнің басынан кешкен жағдайынан өзгешелеу. Солтүстік Британ Колумбиясы университетінде білім алып жатқан студенттің айтуынша, ол мектепте оқып жүргенде Рамазан айында ораза ұстаса, басқалар оны кінәлайтын. “Сені ауыз бекітуге мәжбүрлеп жатыр”, – дейтін оған. “Мен өзімзі қоғамнан шеттетілген адамдай сезінетінмін”, – дейді Африн.
Алайда, Бернабидегі әралуандық пен инклюзивтік жөніндегі округ директоры Бет Эпплвайттың айтуынша, қазіргі күні елде Исламға деген көзқарас жақсарып келеді. Жыл сайын Канаданың орта мектептері Рамазанды атап өтуді дәстүрге айналдырған.
“Мұсылман” қазақтарға үлгі аларлық дүние…