Мақалалар

Жалған сәләфилік – Ислам үмбеті үшін қауіпті ағым

«Сәләф» сөзі тілдік тұрғыдан «бұрын өмір сүргендер, ата-бабалар, бұрынғылар» дегенді білдіреді. Терминдік тұрғыда бұл сөз белгілі бір кезеңге қатысты мағынаға келеді. Яғни, пайғамбар (с.а.с.) заманында және одан кейінгі екі ғасырда өмір сүрген мұсылмандарды «сәләфи салих» деп атайды. Осыған орай, имам Бұхари және Муслимде келген Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінде: «Ең абзал кезең – менің кезеңім, сосын оларға жақын болған кезеңдер, содан кейін оларға жақын кезеңдер. Одан кейін куәліктері анттарынан, ал анттары куәліктерінен асып түсетін адамдар келеді», – деген. Бұл хадиске сәйкес Ислам ғалымдары Мұхаммедтің (с.а.с.) заманында және одан кейінгі екі кезеңде өмір сүрген мұсылмандарды «сәләфи салих» деп сипаттайды. Бұл атаулар олардан кейін өмір сүрген мұсылмандарға қолданылмайды. Әһлі сүннә уәл жамаға ұстанымы бойынша аталмыш дәуірден кейін өмір сүрген мұсылмандар «хәлафтар» (мұрагерлер, кейінгілер) деп аталады. Яғни, ағаш өз тамырымен қоректенетіні іспетті «хәлафтар» да алғашқы ғасырда өмір сүрген сахабалар жолымен қалыптасқан. Ал қазіргі күні «сәләфтардың жолын ұстанамыз» ұранын бүркемелеп, өздерін сол жолда санайтын жалған сәләфилер: «сенім тұрғысы мен үкімдік амалдарды қазіргі заманға енгізуіміз қажет» дегенімен, шын мәнінде олардың көзқарастары 18 ғасырдың ортасында өмір сүрген нәждтік Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың пікірлеріне негізделген. Ал Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың көзқарасы болса дініміздегі алғашқы жікке бөлінуді тудырған «Хауариж» ағымына барып тіреледі. Бұл ағым өкілдері діни мәселенің шешімін табу барысында тек аят және хадистің өз сенімдеріне қайшы болмаған тұстарын алып, мәселенің жауабын тапқандай үстірт қарайды. Сәләфизм идеологиясын қолдаушылардың негізгі мақсаттары – Құран мен сүннетті сақтаған сыңай танытып, 13 ғасырға жуық Ислам үмбетінің бірлігін қамтамасыз етіп келе жатқан фиқһ мектептерін түп-тамырымен жою. Олардың ұстанымы бойынша: «Мұсылмандарды  алауыздықтан Құран мен сүннетке берік болу ғана құтқарады. Ал Құран және сүннет тұрғанда мәзһаб ұстанудың еш қажеттілігі жоқ», – деп санайды. Бұл сөздері арқылы олардың бүкіл мұсылман үмметі мойындаған мәзһаб ғұламалары «Құран және сүннетті ұстанбаған» деген пікірлері бар екендігін байқауға болады. Шындығында олар мәзһабтар арасындағы кейбір айырмашылықтарды айыптап, қарапайым халықты Құран мен хадистерді өз бетінше түсініп, ұстануға шақырады. Бір сөзбен айтқанда, әркім өз бетінше «ижтихад» жасауы керек. Бұл сөзсіз қайшылықтар мен даулы пікірлердің туындауына әкеледі. Мәзһабтар арасындағы келіспеушіліктер тек белгілі бір мәселемен шектелетін болса, жалған сәләфилік ұстанымдағы ағымдардың мәзһабсыздыққа шақыруы – шексіз келіспеушіліктерді тудыртып, мұсылмандарды жік-жікке бөліп, өмірінде қорқынышты апаттар туғызуы бек мүмкін. Жамбыл облысында жыл басынан бері 210 қару тәркіленді 23.05.2023 «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің жаңа ғимараты ашылды 23.05.2023 Бұл жерде фиқһ мәзһабтары арасындағы кішігірім келіспеушіліктер сахабалар мен ізбасарлары арасындағы келіспеушіліктерден туындағанын айта кеткен жөн. Имам Табарани мен имам Байһақиде келген Пайғамбар (с.а.с.) хадисінде: «Сахабаларымның келіспеушілігі – сендерге рақым», – деген. Оның үстіне ғасырлар бойы күллі мұсылмандар ұстанған дәстүрлі мәзһаб пен оларға ерген мүміндерді адасушы деп айыптау – үлкен жала жабу. Олай айтуымыздың себебі – Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) ибн Мәжа мен имам Табараниде келген хадисте: «Алла менің үмметімді зұлымдықпен біріктірмейді», – деген. Атақты сахаба Абдулла ибн Масғуд (р.а.) бұл жайлы: «Мұсылмандар жақсы деп санайтын нәрсе Алланың алдында да жақсы», – деген. Жалған сәләфилер әлемнің қай түкпіріне барса да мұсылмандар арасында түсініспеушілік, келіспеушілік пен алаңдаушылық туындатады. Бүгінде олардың негізгі ұстанымдары әһлі сүннә уәл жамаға көзқарасынан ауытқып, сахабалар мен олардың ізбасарларының жолында емес екендігі дәлелденді. Олардың негізгі пікірлерінің ақылға қонымсыз екендігін дәлелдеу мақсатында, ғалымдар түрлі ғылыми еңбектер жарияланды. Мәселен, XIX ғасырда өмір сүрген белгілі үнді ғалымы Мұхаммед Сыддық Хасан әл-Қанужи (1832-1890 жж.) өзінің «Тақлидуль а-имма» атты кітабының 16-17 беттерінде жалған сәләфилер туралы: «Қазір «Құран мен хадисті білеміз, ұстанамыз» деген екіжүзді, атаққұмар топ пайда болды… Өздерін «ең шынайы, ең тақуа» деп, басқаларды көпқұдайшыл деулері таң қалдырады. Олар көрсоқырлық пен адасушы адамдар. Бұл діннен емес, жер бетінде таралған қастандық және үлкен бүлік», – деп пікір білдірген. Өткен ғасырдың көрнекті ғұламаларының бірі, марқұм шейх Мұхаммед Саид Рамазан әл-Бути өздерін «сәләфиміз» деп атаушы топқа жауап ретінде «Сәләфилік – исламдық мәзһаб емес, берекелі дәуір кезеңі» атты еңбегінің 231-232 беттерінде былай дейді: «Ислам тарихының соңғы он төрт ғасырында біз құрметті имам немесе ғұламалардан: «Мұсылмандардың туралықта болу құжаты «Сәләфилер» деп атайтын топқа жатады», – дегенді естіген жоқпыз. «Сәләфи» деп аталатын топқа жатудың өзі бидғат болып саналады». Қорытындылай келе, ата-бабаларымыз, жалпы мың жылдық момын-мұсылмандардың баршасы әһлі сүннә уәл жамаға ұстанымында  болған. Алайда XX ғасырдың ортасына қарай сүннет жолын ұстанған (әһлі сүннә уәл жамаға) жамағаттан ауытқыған қазіргі «уаһһабизм» жүйесінен жалған сәләфизм пайда болды. Ислам ғұламаларының ғасырлар бойы жасаған еңбектері мен жетістіктерін жоққа шығарып: «Тек «сәләфи салихтар» дәуірін берік ұстану керек» деген ойларын білдіруінің өзі жалған сәләфизмнің тар сипатын көрсетеді. Қоғам арасында мұндай ағымдар қатарына біліп-білмей еріп кетіп жатқан азаматтардың бар екендігі – діни жат ағымның түп-тамырын зерттеп, оның шынайы болмысын ашып, халыққа ұғындыру кезек күттірмейтін мәселе екендігін білдіреді. Б. ШАЙМЕРДЕН, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жетісай ауданындағы маманы, Р. Нарбек

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Жалған сәләфилік – Ислам үмбеті үшін қауіпті ағым | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля