Мақалалар

ДІНИ ОҢАЛТУ – ДӘСТҮРЛІ ДІНГЕ ҚАЙТАР ЖОЛ

Қазіргі уақытта қоғамды алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі – деструктивті діни ағым, яғни жат ағым. Дәстүрлі діннен, дәстүрімізден, терең тарихымыздан алшақтап кеткен жастарымыздың теріс ағымы — деструктивті деп аталады. Және олардың қатары күн санап артып келеді.

Осы орайда, жат ағым өкілдерін дәстүрлі дінге қайтару мақсатында нүктелі оңалту жұмыстары қарқынды жүргізілуде және жыл сайын нәтиже беріп келеді. Деструктивті діни ағым өкілдерінің басым көпшілігі қазіргі таңда жастар болып саналады. Осы ретте оқу орындарында көптеген профилактикалық алдын алу шаралары жиі өткізіледі.

Жат ағымның қоғамға берер зияны көп, бұрынғыдай экстремизм террорлық түрде болмағанымен, идеологиялық бағытта жалғасуда. Оның бірден – бір себебі де интернет майданы. Қазір діни ілім алмаған адамдар да әлеуметтік желіде сенімсіз үгіт-насихаттарды таратуда. Ал жастардың еліктеушілік қабілеті болғандықтан, бұндай насихаттарға тез арбалуда деуге болады.
Осы тұрғыда әр өңірдің діни бағытта қызмет атқарушылары және теолог, психолог мамандарының жұмыс нәтижесінде дәстүрлі дінге бет бұруда, сонымен қатар, жат ағымға еріп кетушілердің алдын алып, тосқауыл болуда.

Қазақстандағы қазіргі исламның негізгі бағыттарының бірі – оның әлеуметтік рөлі. Исламдық ұйымдар мен қауымдастықтар мұқтаж адамдарға көмектесуге бағытталған түрлі қайырымдылық жобаларына белсенді қатысады. Сонымен қатар, олар ағартушылық қызметпен айналысып, қалың жұртшылыққа исламтану курстарын өткізеді.

Демек, бүгінгі Қазақстандағы ислам ашық, толерантты және әлеуметтік бағытта. Ол көптеген қазақстандықтардың өмірінде маңызды рөл атқарады және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға көмектеседі.

Ақпараттық технологияның қарыштап дамыған кезеңінде бүкіл әлем бір пәрменнің астында өмір сүретін сияқты. Әлеуметтік желі және басқа да ақпарат құралдары арқылы қазіргі заманда адамдар үйден шықпай-ақ, жердің кез келген нүктесімен тікелей эфирде сөйлесуге мүмкіндік алды.

Расында да, жаһандану аласапыран заманда этникалық болмысымызды сақтап қалу үшін тілімізге, дінімізге, ділімізге қамқорлық жасауымыз керек.

Ұлттық салт-дәстүрімізді жоғары бағалап, ұқыптылықпен қарамасақ, мазмұны дүниетанымымыз бен болмысымызға сай келмейтін жат мәдениеттің құрсауында қалуымыз мүмкін.

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан
жапа шеккендерге көмек орталығы»
қоғамдық қорының теолог маманы
Алшын Аққу Дулатқызы

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля