Мақалалар

Шетелде діни білім алудың қаупі

Күні бүгінге дейін шетелде діни білім алу жөнінде мәселе жиі көтеріліп жүр. Себебі, шетелге білім қуып барған тек өзге ұлт жастары ғана емес, қазақ жастарының ішінде де діни ағымдардың ықпалына түсіп, теріс, қате идеологияның жақтаушысы болып кеткендер аз емес. Неге десеңіз, әлі күнге дейін өзге елдегі бейресми оқу орындарында білім алуды дұрыс деп яки құп көретіндер баршылық. Өзге елде діни білім алуға кұштар жастарымызды теріс пиғылды ағымдардың ықпалынан сақтау үшін қайтпек керек? Иә, бұл мақаламызда осынау өзекті сауалдың жауабын табуға тырысып көрдік. Шетелде білім алудың атап айтар артықшылығы баршылық. Сол білімнің шыққан жеріне барып, түпнұсқасынан оқып және өзге елдерден келген білімді жастармен білімі мен біліктілігін алмасып, білімі асқар таудай ғалымдардың білімін бойына сіңіру сияқты артықшылықтары бар. Қазіргі уақытта жастарымыздың шетелде білім алып, болашағына сеніммен назар салып, елімізге керекті һәм бірегей маман боламын деген ұмтылыстары құптарлық әрекет. Сол секілді залалды тұстарын да жоққа шығаруға болмайды. Діни иммунитеті қалыптаспаған әрі дәстүрлі, қазақы танымы болмаған жастарымыздың, жат ағымның жетегіне еріп кетудегі бірден-бір себебі осы болып отыр. Еске түсірер болсақ, 2010 жылдардан бастап көптеген бауырларымыз бен қаракөз қыздарымыз Сирияға аттанды, қаншама террористік акт орын алды және экстремистік қылмыстар жасалды. Осынау келеңсіздіктерге шетелдік уағызшылар тікелей ықпал еткені белгілі жәйт. Соңғы жылдардағы, Таяу Шығыс елдерінде әртүрлі діни ағымдардың белсенділігі артуымен қоса дінаралық келеңсіздіктер белең алуы, террористік ұйымдардың ашықтан-ашық әрекет жасауы себебінен қоғамдық, саяси және діни жағдаят күрделене түсті. Бұндай әртүрлі жалған және деструктивті ағымдардың басты мақсаты, олар өзге елден білім алу мақсатында келген шетел азаматтары арқылы өз қатарларын көбейтуді көздейді. Себебі олардың көздейтін мақсаттары – діни теріс идеологияны дәріптеу арқылы басқа елдерге деструктивті ағымдарды тарату. Өз елінде бастапқы діни білімін жетілдірмеген адам шетелге барғанда ақ-қарасын, кімдікі дұрыс, ал кімдікі бұрыс екенін ажырата алмауы себебінен сол елдегі деструктивті тәлім беретін орталарға қосылып кетуіне ықтималдылығы мол. Жоғарыда атап өткеніміздей, діни экстремистік әрі террористік қылмысқа барғандардың, Сирияға аттанғандардың көбі – шетелдік тіркелмеген немесе бейресми оқу орындарында білім алғандар және солардың уағыз-насихаттарын бойларына сіңіргендер екені анықталып отыр. Дейтұрғанмен, шетел асып білім алмау керек деген тұжырымнан аулақпыз. Өйткені, діни білім ғана емес, жалпы білім алу үшін сапарға шығу Ислам дінінде құптарлық іс саналады. Тағы бір ескере кететін нәрсе ол – ғаламтор (интернет) желісі. Елімізде тіпті дүние жүзінде ғаламтор желісіне деген тәуелділік, өткен карантин болған жылдары күрт өсті. Білім беру, сауда орындары және т.б. мекемелер де онлайн форматына ауысты. Әрине білім жөнінде, нақтырақ айтқанда оқушылар, студенттер тіпті шалғай ауылдарындағы білім ордалары да ғаламтор желісін қарқынды пайдаланды. Осыған орай арам пиғылды жат ағымдар да өз еселерін жіберіп алмауға тырысып бақты. Олар алуан түрлі сайттар арқылы жастарымыздың санасын улауға күштерін салды. Бұндай қауіпті сайттар мен қосымшалар мемлекет тарапынан бұғатталды және осы уақытқа дейін бұғатталып келеді. Аталған жағдайдың көпшілігіне ата-ана бақылауының маңызы жоғары. Білім талап етуші (студент) шетелде діни білім алатын болса, ата-ана баласының нендей діни мекемеде оқып жатқанын білуі міндетті. Сондай-ақ беймәлім «хұжыралар» мен «мәркәздарға» (діни білім беретін орталықтар) байқамай түсіп кетпеуін де қадағалап отырғаны абзал. Және балаларының бос уақытын қалай һәм кіммен өткізетіні жайлы білгені абзал. Қазіргі уақытта діни сауатын арттырғысы келген немесе діни маман болуды армандаған жастарға оны отандық діни білім беру ордаларында алғаны маңызды. Атап айтар болсақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті мен 9 медресе-колледж жұмыс жасайды. Басты шаһарлардың бірінде, Алматының төрінде құрылған жылынан бастап-ақ «Нұр Мүбарак» университеті еліміздің белді діни білім беру ордасына айналып үлгерді. Бұдан өзге зайырлы білім берудің бөлігі ретінде елімізде 5 жоғары оқу орнында – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Қ. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «дінтану» мамандары даярланады.

Қорыта келе, шетелдің діни білім беретін орындарында ҚМДБ және мемлекетаралық келісім негізінде ғана магистрлік және доктаранттық дәрежеде оқуға болады. Ал бастапқы білімді, яғни бакалаврлық базалық білімді өз еліміздегі оқу орындарынан алу қажет. Студенттік шағын исламтану, дінтану және теологиялық ілімдерін зерттеуге арнаймын деген жастарымызға айтарымыз өз Отанымызда да кәсіби білім алуға жағдай жасалғанын ескергені жөн болар. Қуванышбек МУХАММЕДӘЛІ, Ұлытау облысы дін істері басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» КММ теолог маманы

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Шетелде діни білім алудың қаупі | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля