Кәсіпкердің үйін «Имамның үйі» деп желіні шулатқан таксиске айыппұл салынды
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін Б. есімді азаматқа қатысты істі қарады. Құқық бұзушы әлеуметтік желіге зәулім үйдің видеоролигін жариялап, ол үйдің халықтың қайырымдылыққа берген қаражатына салынғанын, оның Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін айтқан. Сол арқылы әлеуметтік желіде басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәлімет таратқан. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің кімге тиесілі екенін, оның қандай қаражатқа салынғаны белгісіз екенін түсіндірді, бейнероликті тек көру үшін жариялағанын айтып, өкініш білдірді. Жәбірленуші құқық бұзушыны заң бойынша жазалауды сұрады.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Кәсіпкердің үйін «Имамның үйі» деп желіні шулатқан таксиске айыппұл салынды | Қазақстандағы Ислам