«Дәстүрлі құндылықтар және рухани тәрбие» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Ағымдағы жылдың 19 тамызында Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылдық округінде «Дәстүрлі құндылықтар және рухани тәрбие» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге Аққиізтоғай ауылдық округінің әкімі Д.Тілеуов, «Ақпараттық-талдау орталығының» маманы А.Нұрниязов, АТТ мүшесі Н.Төлеуов, Аудандық орталық мешіттің ұстазы Д.Балықшиев қатысты.
Шараны Аққиізтоғай ауылдық округінің әкімі Д.Тілеуов ашып, жүргізіп отырды. Орталықтың маманы А.Нұрниязов жат ағымдардың ерекшеліктері мен сипаттарын баяндай келе, олардан сақтану жолдарын түсіндіре кетті. Сонымен қатар, АТТ мүшесі Н.Төлеуов: «Қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі Ислам діні қоғамда да, мемлекетте де тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді. Ол –ең таза дін және тура жолды көрсететін дін» — деп сөзін аяқтады.. Аудандық орталық мешіттің ұстазы Д.Балықшиев жат ағым өкілдерінің қазақи салт- дәстүрімізді жоққа шығарып, адамзатты адасушылыққа әкеп соқтыратындығын айтты. Шара соңында ауыл тұрғындары көкейтесті сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.