Жаңалықтар

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. – Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді. Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері», Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 23 часа

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля