Жаңалықтар

5000 адам бір мезетте күй тартып, рекорд орнатты

Талдықорған қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Ұлы дала үні» атты облыстық флешмоб көпшіліктің рухын көтерген жарқын мәдени оқиғаға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz. Шара барысында 5000-ға жуық адам – кәсіби күйші, оқушы, студент және өнерсүйер жұрт – бір мезетте қос күй орындап, Қазақстан рекордтар кітабына енген жаңа жетістікке қол жеткізді. Рекорд орнату сәтін арнайы келген Қайрат Тазабеков ресми түрде тіркеп, растайтын сертификатты Жетісу облысының әкімдігіне табыстады. Флешмобқа облыстың барлық аудандары мен мекемелерінен келген қатысушылар белсенді қатысып, ұлттық өнерге деген құрметін білдірді. Сонымен қатар, Жетісу өңірінің көрікті жерлерінде түсірілген «Бақтыбайдың әуені» күйі бейнебаян ретінде жұрт назарына ұсынылды. Бұл музыкалық клип флешмобпен ұштастырылып, дәстүр мен заманауи өнерді үйлестірген ерекше жобаға айналды. Мерекелік шара аясында жыр алыбы Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығына орай оның «Бақтыбайдың әуені» күйі мен белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібайдың «Ерке сылқым» туындысы орындалды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: 5000 адам бір мезетте күй тартып, рекорд орнатты | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 21 час

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля